Жаңалықтар

"Азаматтарға арналған үкімет " филиалының директоры ұсталды

"Азаматтарға арналған үкімет " филиалының директоры ұсталды

«Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды KazFace.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті өкілдері Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады.

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам Семейдің уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.