Жаңалықтар

Қазақстанның фармацевтика өндірісінің көлемі 14,8% өсті

Қазақстанның фармацевтика өндірісінің көлемі 14,8% өсті

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында отандық фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8% көп,-деп хабарлайды KazFace.kz.


Мұндай айтарлықтай өсім саланы дамытуды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арқасында болып отыр. Биыл 1054 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шектік бағасы бекітілді, сонымен қатар оларға қатысты нормативтік-құқықтық актілер ырықтандырылды.

 

Негізгі өндіріс орындары Шымкент, Алматы қалалары, сонымен қатар Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында орналасқан.

 

Сонымен қатар отандық кәсіпорындар рентген аппараттары, ультрадыбысты және зертханалық жабдықтарды қоса алғанда медициналық бұйымдар, сонымен бірге хирургиялық оталар мен зертханаларға және т.б. арналған бұйымдар шығарады.

 

Қазіргі таңда осы нысандар үшін қарастырылған жабдықтардың 72%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі.