Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Мамыр – Қазақстан халқы үшін мерекелерге толы ай. Әр жыл сайын бұл айда мемлекеттік маңызы бар бірнеше мереке атап өтіліп, халыққа қосымша демалыс күндері беріледі. Осы жылы да қазақстандықтар біршама күн демалады, деп хабарлайды KazFace.kz.
2025 жылдың мамырында үш ірі мемлекеттік мереке атап өтіледі:
• 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушылар күні;
• 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.
Бұл күндер ресми түрде демалыс болып есептеледі. Сонымен қатар, әдеттегі сенбі мен жексенбі күндерімен біріге отырып, мамыр айында демалыс күндерінің саны көбейеді.
1 мамырда қалай демалады?
Бес күндік жұмыс аптасында:
• 1 мамыр – демалыс;
• 2 мамыр – жұмыс күні;
• 3-4 мамыр – демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасында:
• 1 мамыр – демалыс;
• 2-3 мамыр – жұмыс күндері;
• 4 мамыр – демалыс.
7 және 9 мамырда қалай демалады?
Бес күндік жұмыс аптасында:
• 7 мамыр – демалыс;
• 9 мамыр – демалыс;
• 10-11 мамыр – демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасында:
• 7 мамыр – демалыс;
• 9 мамыр – демалыс;
• 10 мамыр – жұмыс күні;
• 11 мамыр – демалыс.
Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 мамырға демалыс күнін ауыстыру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.
Мамырда неше күн демалыс болады?
• Бес күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалыс, 19 күн жұмыс.
• Алты күндік жұмыс аптасында – 8 күн демалыс, 23 күн жұмыс.
Сондай-ақ, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізіп, жаңа кәсіби мереке күндерін бекіткен болатын. Бұл өзгерістер әртүрлі сала мамандарының еңбегін бағалап, оларды құрметтеуге бағытталған.