Спорт әлемі

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбановтың тарихи жеңісі

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбановтың тарихи жеңісі

Қазақстандық көркем гимнаст  Нариман Құрбанов "Ат құлағында ойнаудан" күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Көбісі менің спорттық әлеуетіме сенбеді және әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтты, - деп мойындады Нариман ҚР ҰОК баспасөз қызметіне.

Құрбанов алғашқы медалін Мельбурндағы әлем кубогында команданың ең жақсы спортшыларының бірі жарақат алғаннан кейін жеңіп алды. 2017 жылы Монреальдағы әлем чемпионатында ол өзінің атымен аталған бірегей элементті – the Kurbanov-ты орындады.