Спорт әлемі

Қазақстандық футболшы испандық клубтың ойыншысы атанды

Қазақстандық футболшы испандық клубтың ойыншысы атанды
Испаниялық «Реал Вальядолид» қазақстандық футболшы Мұхаммед Еңсебаевтың ауысқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды KazFace.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейдің тумасы Мұхаммед үш маусымға келісімшартқа отырады.
2005 жылы дүниеге келген Моха есімді лақап атымен белгілі жартылай қорғаушы 2024/25 маусымында бізде өнер көрсетеді. Қазақстанның төменгі дивизионының ойыншысы тегін келіп, үш маусымға келісімшартқа отырады, - деді клуб.
Сондай-ақ, "Marca" басылымының хабарлауынша, екі дүркін әлем чемпионы бразилиялық Роналдо және «Вальядолид» клубының қожайыны оны сатуға ниетті екенін мәлімдеді.