Жаңалықтар

Қазақстандық азамат терроризмді насихаттағаны үшін 26 жылға сотталды

Қазақстандық азамат терроризмді насихаттағаны үшін 26 жылға сотталды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны үшін Астаналық азамат  20 жылға, содан кейін тағы алты жылға сотталды, - деп хабарлайды KazFace.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, 3 және 7 маусымда Шымкентте екі жергілікті тұрғын жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Олар терроризмді кеңінен насихаттаған. 

Дәл осындай қылмыс жасағаны үшін 11 маусым күні Астанада тергеу изоляторында болған азамат алты жылға қосымша бас бостандығынан айырылды. 

"Ақпан айында ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік іс-әрекетті ұйымдастыруға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға шақырғаны үшін 20 жылға сотталды. Тергеу изоляторында болған кезде ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және тұтқындарға терроризм идеологиясын енгізуге тырысты", - деп хабарлады ҰҚК.