Жаңалықтар

Қазақстанда жол қозғалысының айыппұлдары өзгерді

Қазақстанда жол қозғалысының айыппұлдары өзгерді

Қазақстанда 13 наурыздан  бастап жол жүру ережелеріне салынатын айыпппұлдар өзгерді,деп хабарлайды KazFace.kz.

Кейбір ережелер қатайтылып, кейбірі жеңілдетілді. Сонымен қатар, жаңа ережелер мен айыппұлдар енгізілді. Енді автокөліктің  терезесінен басын шығару немесе жүк көтергіште жүргені үшін айыппұл салынатын болады. Бұл айыппұл 10 МРП (шамамен 40 000 теңге) құрайды. Жаза тек жүргізушіге ғана емес, жолаушыларға да қолданылады.

Сонымен қатар, мүгедек жүргізушілердің қарсы жолаққа шығуына да  айыппұл енгізілді, оның мөлшері 30 МРП (шамамен 118 000 теңге). Теміржол өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл екі есе, яғни 10 МРП-дан 20 МРП-ға дейін ұлғайтылды.

Жедел жәрдем және полиция көлігіне жол бермеу айыппұлы да артты, енді 7 МРП-дан 20 МРП-ға дейін. Қайталап бұзған жағдайда айыппұл 15 МРП-дан 40 МРП-ға дейін өседі. Ал қарсы жолаққа шығып, жол көлік оқиғасын жасағандар үшін жүргізуші куәлігінен 9 айға айыру жазасы қолданылады. Бұрын бұл мерзім 6 ай болатын. Жарақат алушыларсыз ЖКО жасағандар үшін бұрынғы 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы енді 20 МРП-ға дейін айыппұл салумен ауыстырылды (шамамен 78 000 теңге).

Сонымен қатар, тұрақ үшін төленбеген айыппұлдың мөлшері 4 000 теңгеге дейін төмендетілді. Бұған дейін бұл айыппұл 3 МРП (11 000 теңге) болатын. Осы өзгерістер жол қозғалысындағы тәртіпті жақсартуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.