Жаңалықтар

Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді

Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді. Енді доллардың сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы 7 теңгеден, ал еуро бойынша 10 теңгеден аспауы тиіс, деп хабарлайды KazFace.kz.                                                 

Бұл шектеулерді Қазақстан Ұлттық банкі жаңа қаулыда бекітті.

«Егер банктік және банктік емес айырбастау пункттері шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамаса, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін шағыммен Ұлттық банктің аумақтық филиалдарына жүгінуді ұсынады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін валюта сатып алу және сату бағамдарының ауытқу шектері доллар үшін 15 теңге, еуро үшін 20 теңге болған.