Қоғам

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері жаңарды

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері жаңарды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Енді үміткерлер туралы мәліметтер денсаулық сақтау және құқықтық статистика органдарының жүйелері арқылы автоматты түрде тексеріледі.

Сонымен қатар, үміткерлер Мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сәйкес келмесе, кез келген кезеңде конкурстан шығарылуы мүмкін.

Конкурстан тыс тағайындауларда келісім беруден бас тартуға негіз болатын жаңа талаптар бекітілді. Арасында: біліктілікке сай болмау, сын материалдарының болуы, тәртіптік жаза мен әкімшілік құқық бұзушылықтар бар. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметке қабылдаудағы ашықтықты арттыруға бағытталған.