Жаңалықтар

Қазақстанда Кассациялық соттар департаменті құрылды

Қазақстанда Кассациялық соттар департаменті құрылды

Мемлекет басшысының жарлығымен елімізде "Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін құру көзделген, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл департамент елімізде жаңадан құрылған кассациялық соттардың қызметін ұйымдастыру мен әкімшілік қамтамасыз етуге жауапты болады. Сонымен қатар, жоғарғы сот жанындағы әділет сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеге де өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңартылған ережеге сәйкес, комиссия 9 мүшеден тұрады. Төрт облыстық және оларға теңестірілген сот судьясы, 2 екі  кассациялық сот судьясы, бір  жоғарғы Сот судьясы,екі  отставкадағы судья.

Алайда, төмендегі тұлғалар комиссия құрамына кіре алмайды. Жоғарғы Соттың төрағасы және алқалардың төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары, облыстық соттар мен олардың алқаларының төрағалары, жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болып табылатын судьялар, судьялар одағы филиалдарының судьялық этика комиссиясы және Жоғарғы сот кеңесі жанындағы судьялық жюри мүшелері.

Аталған жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.