Қоғам

Қазақстанда көлік саны 6 миллионға жақындады

Қазақстанда көлік саны 6 миллионға жақындады

Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 5,9 миллионнан асты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Көлік түрлері бойынша 

  • 88,2% – жеңіл көліктер, 
  • 9,9% – жүк көліктері, 
  • 1,9% – автобустар тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы бір жыл ішінде елдегі автокөлік саны 9,8%-ға артқан. Тек 2025 жылдың наурыз айының өзінде 147 мың көлік алғаш рет есепке қойылған. Автокөлік санының артуы – халықтың сатып алу қабілетінің, көлікке деген сұраныстың және экономикалық белсенділіктің өскенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттігін де айқындайды.