Жаңалықтар

Қазақстанда флэш-картамен ЭЦҚ берілмейді

Қазақстанда флэш-картамен ЭЦҚ берілмейді

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба кілтін флеш-картамен беру әдісі тоқтатылады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Жаңа шараларға сәйкес, куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесін талап ететін қонақ үйлер мен банктерге айыппұл салынады. Бұл өзгерістерді цифрлық даму министрлігі aқпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

«Қазақстан азаматтарын цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс флеш-картамен беру болды. Бірақ бұл әдіс қазір біз көріп отырғанымыздай, қауіпсіз болып тұрған жоқ. Сондықтан қауіпсіздік шараларын күшейтіп, азаматтардың жеке деректері қолды болмас үшін флеш-картамен ЭЦҚ беруді тоқтатқымыз келеді», – деді Әбдіқалықов.

Сондай-ақ азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасау кезінде тыйым салынды.