Қоғам

Қазақстанда банктерге жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда банктерге жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда жауапты кредит беру қағидаттары енгізіліп, банктер мен қаржы ұйымдарына бақылау күшейтіледі,деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл қадам азаматтардың артық қарызға батпауын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа мінез-құлықтық қадағалау жүйесі арқылы Агенттік тұтынушыға қауіп төндіретін немесе түсініксіз қаржы өнімдерін уақытша тоқтата алады. Сонымен қатар жарнама мен ақпарат ашықтығы күшейеді — жасырын комиссиялар мен алдауға жол берілмейді.

Қаржы ұйымдары клиенттерге қызмет шарттарын түсіндіруге және олардың қаржылық сауатын арттыруға міндеттеледі. Шағымдар алдымен ұйым ішінде қаралады, кейін қажет болса, Қаржылық омбудсменге жолданады.

Бұл өзгерістер қаржы саласындағы әділетсіздік пен тұтынушыларды алдауға қарсы бағытталған.