Билік
Пресс-релиз

Қазақстан мен Қытай қатынасы нығаймақ

Қазақстан мен Қытай қатынасы нығаймақ

Қазақстан Республикасының премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр 24-ші Боаос Азиаттық Форумына қатысып, Қытай Халық Республикасының Вице-Премьер-министрі Дин Сюэсянмен кездесті, деп хабарлайды Kazface.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Роман Скляр Форумда Азия елдері арасында көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, сауда кедергілерін азайту және жаңа көлік маршруттарын қалыптастыруды ұсынды.

Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы жеткізу тізбектерін жақсарту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, Роман Скляр Қытайлық әріптесін Қазақстанға ресми сапармен шақырып, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.