Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа қадамдар қабылданды , деп хабарлайды KazFace.kz.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы барысында екі елдің өкілдері бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кедергісіз сауданы дамыту, көліктік өзара байланысты нығайту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытында да шешімдер қабылданды.
Комитеттің қорытындысы бойынша индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитеті құрылып, білім саласында кіші комитет құру туралы шешім қабылданды.
Бұдан бөлек, су ресурстары мен мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты келісімдерге қол қойылды.