Қазақстан мен Үндістан арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Астана қаласы мен Үндістан астанасы Дели қаласына дейін тікелей ұшатын жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабардайды KazFace.kz.
Жаңа рейс 2025 жылғы 14 мамырдан бастап ұшатын болады. Жаңа бағытты Үндістанның танымал авиакомпаниясы IndiGo іске қосады. Рейстер аптасына үш рет орындалады, әуе кемелері A320/321 үлгісіндегі ұшақтармен ұшады. Бұл бастама арқылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қатынастар нығайып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланыстар арттырады деп күтілуде.
Қазақстанның көлік министрлігі елдегі әуе қатынасын дамыту үшін жаңа маршруттар ашып, шетелдік бюджеттік авиакомпанияларды тартуға баса назар аударып келеді.
Бұл рейстерде Airbus ұшақтары қолданылатын болады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың көктем-жаз маусымында Қазақстан мен Үндістан арасында аптасына 24 рейс жоспарланып отыр, олар 5 түрлі бағыт бойынша жүзеге асырылады.