Билік
Пресс-релиз

Қазақстан ауылдарында мың жоба іске асырылуда

Қазақстан ауылдарында мың жоба іске асырылуда

2025 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында еліміздегі 500 ауылда мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды KazFace.kz. ҚР ҰЭМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мақсатқа бюджеттен 176,4 млрд теңге бөлінді.Бағдарлама 2019 жылдан бері іске асып келеді. Мақсаты – ауыл халқының өмір сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту және қолайлы орта қалыптастыру.

2019-2024 жылдары 524 млрд теңгеге 6,6 мыңнан астам жоба орындалып, 772 коммуналдық, 2,1 мың әлеуметтік нысан салынып, 3 мыңнан аса жол жөнделді.

Биылғы жобалар білім, медицина, мәдениет, жол және сумен қамтамасыз ету салаларын қамтиды. Бағдарлама ауылдарды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.