Жаңалықтар

Қазақстанға 1,5 млрд теңгеге контрабандалық темекі кіргізбек болған

Қазақстанға 1,5 млрд теңгеге контрабандалық темекі кіргізбек болған

Маңғыстау облысында құны шамамен 1,5 млрд теңгеге бағаланатын контрабандалық темекінің ауқымды партиясы ұсталды, деп хабарлайды Kazface.kz.

Жауартылардың сөзінше ұсталған автокөліктің шанағында жүк құжаттарда мәлімделген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі болған. Тәркіленген 6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар - 1,8 млрд теңгені құраған.

Қазіргі уақытта экономикалық контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын атап өтті. Бұған дейін Жамбыл облысында ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстанға заңсыз әкелуге тырысқан темекінің ірі партиясын тапқан болатын. "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде 30 мың қорап темекі тәркіленді.