Жаңалықтар

Атырауда әлімжеттік көрген 4-сынып оқушылары мектепке барудан бас тартты

Атырауда әлімжеттік көрген 4-сынып оқушылары мектепке барудан бас тартты

Жоғары сынып оқушылары жеткіншектерді қорқытып, ақша жинап келген.

Атыраудағы №25 орта мектептің 4-сынып оқушылары қысым көріп жүргені олардың денсаулығы сыр бере бастағанда белгілі болды. Ересектер інілерін үркітіп-қорқытып ақша сұрап қана қоймай, оларды құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлеген. Оны ата-аналар балалары уланып ауырғаннан кейін біліп, құзырлы орындарға шағымданған.

Полицейлер осы ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан ата-аналарының көзінше жауап алынды. Наркологиялық сараптама жүргізіліп, ұнтақтың психотроптық затқа жатпайтыны, денсаулыққа зияны жоғы анықталды. Ол құрғақ ерігіш сусын, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мектептегі бейнебақылау камералары тексеріліп, тергеу жүргізілген. Нәтижесінде бұзақылықты 9-сыныптың бірнеше оқушысы ұйымдастырғаны анықталды. Олар энергетикалық қоспасы бар ұнтақты дүкеннен сатып алып, өздері тұтынған, онымен қоймай 4-сынып оқушыларына мәжбүрлеп берген. Олардан ақшаны сол үшін сұрапты.