Жаңалықтар

Атырауда 100 мыңға жуық қорап заңсыз темекі тәркіленді

Атырауда 100 мыңға жуық қорап заңсыз темекі тәркіленді

Атырауда 67 миллион теңге құрайтын заңсыз темекі өнімдері анықталды, - деп хабарлайды KazFace.kz Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Рейд барысында департамент қызметкерлері 100 мың қорапқа жуық заңсыз темекі бұйымдарын әшкереледі.

Кәсіпорын мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме саудада сатушы ретінде тіркелмей қызметін жүзеге асырған. Бүгінгі таңда салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды, - деп хабарлады Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаменті.

Еске сала кетсек, жазда дәл осы Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынған болатын. Тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталған.