Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптылар жерленді
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Атырау облысы Қызылқоға ауданында жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптылар бүгін соңғы сапарға аттандырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Марқұмдарды жерлеу рәсімі Жангелдин ауылында өтті. Қаралы жиынға ауыл тұрғындары түгелге жуық жиналды. Денелер Миялы аудандық орталығынан жеткізіліп, мұсылманша жер қойнына тапсырылды. Тергеу жұмыстарына байланысты марқұмдардың үйі мөрленгендіктен, жаназа туыстарының үйінде өткізілді.
Еске салсақ, бұған дейін ерлі-зайыптылардың денесі өз ауласындағы сарайдан табылған болатын. Аталған факті бойынша полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, басты күдікті ретінде марқұмдардың 29 жастағы күйеу баласын қамауға алды.
Бұл іс бойынша Атырау облысының полициясы Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен күйеубаласына ресми түрде іздеу жариялады.
Полицияның мәліметінше, күдікті — Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта ол іздеуде жүр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.
«Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған немесе жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз», — деп хабарлады полиция өкілдері.