Жаңалықтар

"Атамекен"-нің бұрынғы басшысы парамен ұсталды

"Атамекен"-нің бұрынғы басшысы парамен ұсталды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

Айта кету керек, Абылай Мырзахметов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы қызметінен былтыр ақпан айында кеткен. Оның алдында Президент жаныныдағы экономимкалық даму бойынша мемлекеттік комиссияның мүшесі, "Қазақстан темір жолы", "Самұрық-Қазына" секілді маңызды мекемелерде жоғары лауазымда қызмет еткен. Ол, тіпті, 2003 жылы да істі болып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде сотталған болатын.