Жаңалықтар

Аштыққа ұшыраған ауғандықтар қыздарын саудаға салған (видео)

Аштыққа ұшыраған ауғандықтар қыздарын саудаға салған (видео)

Ауғанстанда 22,8 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығын сезінуде. Жұмыссыздық пен шарасыздықтан шаршаған жұрт аштыққа ұрынбау үшін балаларын саудаға сала бастаған. 

"Настоящее время" редакциясы ауған жеріне барып, балаларын саудаға салған ата-аналардан сұхбат алған екен. Бұл қадамға барған адамдардың айтуынша, олар қыздарын сатып, түскен ақшаға отбасыларын асырап жүр екен. Әрі, қыздары бай жерге барса, жақсы өмір сүріп кетеді деген үміттері де бар екен.

Қыркүйек айында Женевада өткен конференцияда халықаралық қауымдастық ауғандарды қолдауға бір миллиард доллардан астам уәде берді. Бұл қаржының үштен бірі Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс. Бірақ Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы осы уақытқа дейін бөлінген ақшаның бір бөлігін ғана алғанын және бұл шелектегі тамшы секілді екенін хабарлайды.