Жаңалықтар

Астаналық тұрғын парақорды ұстап бергені үшін 4,4 млн теңге алды

Астаналық тұрғын парақорды ұстап бергені үшін 4,4 млн теңге алды

Астанада квазимемлекеттік компанияға жұмысқа алғаны үшін пара сұрағандар анықталды. Олардың бұл әрекетін әшкерелелеп, антикорға  ұстап берген азамат бірнеше миллион теңге алды, деп хабарлайды Kazface.kz.

Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров  мәлімдеді.

"Биыл Астанада  бір азамат квазимемлекеттік компанияға жұмысқа орналасқаны үшін пара беруге көндіруге тырысқан екі адамның заңсыз әрекетінің жолын кесуге жәрдемдескені үшін пара сомасының 10% - құрайтын яғни 4,4 млн теңге сомасына сыйақы алды. Сондай – ақ, департамент  тағы бір азаммтқа оны полиция қызметкерлеріне пара беруге итермелеген екі адамға қатысты сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 3 млн теңге сомасына сыйақы берді", - деді ол.

Бигайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығына кепілдік беретінін атап өтті.

"2023 жылғы 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына жатады. Бұл олардың физикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар олардың еңбек құқықтары мен ақпараттың құпиялылығына қатысты қорғалғанын білдіреді", – деді ол.

Енді сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берушілерді жұмыстан шығаруға, тәртіптік жауапкершілікке тартуға немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының қатысуынсыз басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.

Мұндай адамдар туралы ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп қорытындылады антикор өкілі.