Жаңалықтар
16-го марта 2025 г. 19:00
Астанада алаяқтықпен айналысатын call-орталығы анықталып, жойылды, деп хабарлайды Kazface.kz.
Бұл орталық адамдарға көлік, пәтер ұтып алдығыз сол үшін салық төлеу керек деп алдаған.
Қылмыскерлер интернет-дүкендердің атын жамылып, азаматтарды алдап келген. Оперативті шаралар барысында алты адам ұсталып, жеті ноутбук, маршрутизатор және Wi-Fi роутер тәркіленген.
Сондай-ақ, Жетісу облысында да ұқсас оқиға орын алды. Полицейлер мен Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғыларын қолданғандарды анықтады.
Оқыс жағдайларда тергеу жүргізіліп, sim-box құрылғылары мен мыңдаған SIM-карталар тәркіленді.