Жаңалықтар

Астанада жеткізу қызметшісі кокаин таратқан

Астанада жеткізу қызметшісі кокаин таратқан

 

Астана қаласының полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы операция жүргізіліп, соның нәтижесінде 23 жастағы елорда тұрғыны есірткі таратты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Күдікті бұрын сотталған болып шықты. Ол есірткіні қала аумағында бетбелгілер арқылы сатқан. Жігіт тапсырыстарды интернет арқылы алған. Жеке тінту кезінде дилерден сатуға арналған "кокаин" есірткі заты тәркіленді. 

Айта кетейік, ұсталған адамның автокөлігі мен пәтерін санкцияланған тінту нәтижесінде полиция қызметкерлері есірткі іздері бар электрондық таразы, өлшеп-орауға арналған полиэтилен пакеттерін, сондай-ақ "кокаин", "мефедрон" және "марихуана" есірткі заттарын тәркіледі. 

Тергеу барысында ұсталған азамат кінәсін мойындап, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының, 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі кезде есірткі сатушы Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі өткізуге қатысы бар сыбайластарды анықтау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.