Қоғам

Астанада зардап шеккен 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды

Астанада зардап шеккен 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды

Астанада 8 қарашада орын алған қайғылы оқиғадан кейін бірнеше күн комада жатқан 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп мәлімдеді KazFace.kz.

Ведомство мәліметінше, Ұлдана 8 қарашадан бері өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатып, дәрігерлер оның өмірі үшін бар күшін салған. Алайда алған ауыр жарақаттары өмірмен сыйыспады.

Қайғылы жағдай Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінің қасбетінің құлауы салдарынан болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде тұрғындардың жан дауысы шыққан, сол сәтте көмектесуге алғашқылардың бірі болып жүгіріп барған Ұлдананың үстіне кондиционер қондырғысы құлап кеткен.

Зардап шеккендер №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуіне шұғыл операция жасалды, тағы екеуі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатты. Қалған екі адамның жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Қайғылы оқиға бойынша тиісті органдар тергеу жүргізуде.