Астанада мектеп оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады — Kazface.kz
Жаңалықтар

Астанада мектеп оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады

Астанада мектеп оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі сыныптасына шабуыл жасаған, деп хабарлайды KazFace.kz

Зардап шеккен екі оқушыға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.

Полицияның мәліметінше, шабуыл жасаған кәмелетке толмаған оқушы профилактикалық есепке қойылып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылған. Ал оның ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар полиция мектепті күзететін ұйымның әрекетіне де құқықтық баға беретінін хабарлады.