Жаңалықтар

Астанада көктайғақтан 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астанада көктайғақтан 100-ге  жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Елорданың барлық бағытындағы автожолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс уақытша шектелді. Бұған қатты көктайғақ себеп болды, деп хабарлайды Kazface.kz.

Ведомствоның мәліметінше,  Астана аумағында 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқиғалардың басым бөлігі жолдың тайғақтығы мен жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан болған.

Осыған байланысты полиция азаматтарды аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауға шақырып отыр. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау, жолда барынша мұқият болу ескертілді. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен жедел әрекет ету топтарының жұмысына кедергі келтірмеу қажеттігі атап өтілді.

Полиция ата-аналарға да үндеу жасады. Күннің жылынуына байланысты су айдындарындағы мұздың қауіпті екені ескертіліп, өзен-көлдерге шығып, мұз үстінде сырғанауға қатаң тыйым салынатыны хабарланды.

Айта кетейік, осындай жағдай Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында да байқалып отыр. Онда көктайғақ салдарынан күн сайын жүзден астам адам түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінеді.