Жаңалықтар

Астанада Болат Мажағұлов ұсталды

Астанада Болат Мажағұлов ұсталды

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram каналында жазды. Оның айтуынша Мажағұлов  2016 жылы "Күн" субұрқағын салу кезінде ақша жымқырды деген күдікке ілінген. 2017 жылдан бастап аталған субұрқақ апатты жағдайда.

Тергеу барысында белгілі болғандай, жоба салық төлеушілердің  миллиард теңгеден астам қаржысына салынған, бұл ретте мәдениет басқармасы оны мемлекеттік сатып алуларсыз іске асырған, субұрқақтың жобалау-сметалық құжаттамасы жоқ және ол мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейінірек анықталғандай, субұрқақ сапасыз материалдардан жасалған, сондықтан ол тез істен шыққан.  
Тергеу жүргізіп жатқан ҚМА мәліметтері бойынша, сол кездегі Астана мәдениет басқармасы бастығының бұған тікелей қатысы бар.  
Тергеу аясында Болат Мажағұловтың  3 коммерциялық үй-жайына, 2 паркингке және премиум-класс үйіндегі пәтеріне шектеу қойылған.

Іс бойынша басқа да күдіктілер бар - бұл субұрқақ салған мердігер компаниялардың өкілдері. Барлығы олардан 500 миллион теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.