Билік
Пресс-релиз

Астанада адам құқықтары жөніндегі халықаралық конференция өтуде

Астанада адам құқықтары жөніндегі халықаралық конференция өтуде

Халықаралық Адам құқықтарын қорғау күніне орай «Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды KazFace.kz

Шара 1948 жылы қабылданған Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның 77 жылдығына арналған. Конференцияның негізгі мақсаты – пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шараны Қазақстандағы Адам құқықтары ұлттық орталығы БҰҰ Даму бағдарламасымен, Еуропа кеңесімен, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесімен және ҚР ІІМ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияны ашқан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қылмыстық-атқару жүйесін гуманизациялау нәтижесінде түрмедегі адамдар саны азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан азаптаудың алдын алу тетіктерін күшейтіп, халықаралық стандарттарды енгізуді жалғастырып келеді.

БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Сухроб Ходжиматов Қазақстанның жабық мекемелердегі адам құқықтарын қорғау бағытындағы қадамдарын жоғары бағалап, Ұлттық алдын алу тетігінің тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Конференцияға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, құқық қорғаушылар және сарапшылар қатысуда.