Жаңалықтар

Астанада 2 жыл жасырын жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды

Астанада 2 жыл жасырын жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды

Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық істі қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде, деп хабарлайды Kazface.kz.

Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамырына дейін Астана аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен парапар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған.

Осы уақытта өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 млн теңгеден асқан. Сондай-ақ олардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді.