Билік

Астана халықаралық форумын демеушілер қаржыландырмақ

Астана халықаралық форумын демеушілер қаржыландырмақ

Астана халықаралық форумы 2025 жылы алғаш рет тек демеушілердің қаржысы есебінен ұйымдастырылады,деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы ҚР мәжілісінің жалпы отырысынан кейін өткен брифингте вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін аталған іс-шараны өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген болатын. Алайда биыл бұл мәселе өзгереді. Форумды ұйымдастыруға қажетті барлық шығындар демеушілердің қаражаты есебінен өтеледі.

Сонымен қатар, тиісті қаулының күші жойылып, форумды өткізуге бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Бұл шешім форумды ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, мемлекеттік қаржыға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Демеушілердің қолдауы арқасында форумның ауқымы мен мазмұнын кеңейту де жоспарланып отыр.