Спорт әлемі

Аружан Сағандықова Үндістандағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті

Аружан Сағандықова Үндістандағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF халықаралық турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ол бұл жарыста ресейлік Мария Головинамен жұптасып өнер көрсетті.

Финалдық кездесуде 21 жастағы Сағандықова мен 18 жастағы Головина жапониялық Ману Кавамура мен Хонока Кобаяши дуэтін 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл — Аружан Сағандықованың кәсіби мансабындағы ITF аясындағы бесінші титулы және жұптық разрядтағы үшінші жеңісі. Сондай-ақ, ол алғаш рет Мария Головинамен бірге турнир жеңіп отыр. Ал Головина үшін бұл — сегізінші ITF титулы және жұптық сындағы алтыншы жүлде.

Айта кетейік, Ахмедабадтағы турнирде Сағандықова мен Головина барлығы төрт матч өткізіп, бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Турнирдің жалпы жүлде қоры (жекелей және жұптық разрядты қоса алғанда) 15 мың АҚШ долларын, яғни шамамен 7,6 миллион теңгені құрады.