Жаңалықтар

Аружан Саин қызметінен кетті

Аружан Саин қызметінен кетті

Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен кетті, деп хабарлайды KazFace.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін бітірген.

Еңбек жолы: Хабар телеарнасындағы күнделікті «Разминка» бағдарламасының тележүргізүшісі (1993 жылдан бастап); «Дәмді және тез», ары қарай «Жұлдызды меню» кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі (1994-1999); «Еркемай» бүлдіршін ойын бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000); «Ел Арна» телеарнасындағы «Ана мектебі» танымдық бағдарламасының тележүргізушісі (2006 жылдан бастап); «Сабырлық, тек сабырлық» ток-шоуының тележүргізушісі (2010 жылдан бастап); «Бүлдіршіндерге Өмір сыйла» бағдарламасының жүргізушісі (2011 жылдан бастап).

2009 жылы «Мүгедектерге қамқорлық жасағаны үшін» аталымы бойынша «Алтын жүрек» («Золотое сердце») сыйлығына ұсынылған. «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты.

Ол Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын. Бұл қызметте 4 жыл отырған Аружан Саинның жұмысына халық әлеуметтік желіде наразылығын білдіруде. "Ол басқарған жылдары елімізде балалардың өлім-жітімі көбейіп, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің саны артқан. Тіпті, соңғы кезде жасөспірімдер арасында суицид бірінен соң бірі орын алып жатқанда, ол ешқандай мәлімдеме жасамай, тасада қалды", деп жазуда желі қолданушылары.