Жаңалықтар
1-го февраля 2022 г. 08:49
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиісілі аглофабрикада 47 жастағы жұмысшы қаза тапты.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ БД аглофабрикасында жазатайым оқиға салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған кен араластыру учаскесінің бригадирінен айырылып қалғанымызды хабарлаймыз», - деп жазылған компания таратқан хабарламада.
Бүгінде арнайы комиссия құрылып, оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.