Жаңалықтар

Армения президентінің өкілеттігі тоқтатылды

Армения президентінің өкілеттігі тоқтатылды

Армения президенті Армен Саркисянның өкілеттігі ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Саркисян 23 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеді. Мұндай қадамға баруына мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясаттың процестеріне ықпал етуге мүмкіндік бермейтін тиісті өкілеттіктердің жоқтығы себеп болғанын жариялады.

24 қаңтарда жергілікті парламент басшысы Ален Симонян заң шығарушы органның регламентіне сәйкес, бір апта ішінде лауазымды адам отставкаға кету туралы құжатты қайтарып алмаса, онда оның өкілеттігін тоқтату туралы хаттама толтырылып, оған спикер қол қойып, жарияланатынын хабарлады.

Республика президентінің кезектен тыс сайлауы бос орын ашылғаннан кейін, 25 күннен соң 10 күн ішінде өткізіледі. Бұған дейін мемлекет басшысының міндетін парламент спикері атқаратын болады. Ұлттық жиналыстың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жаңа президент лауазымына кіріскенге дейін парламент төрағасының міндетін вице-спикер Акоп Аршакян атқарады.