Спорт әлемі
20-го июля 2023 г. 12:35
Нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Чемпионат Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатыр. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жерлесіміз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.
Швейцариядан келген Вивьен Джой Джегги алтын медальге ие болса, оның жерлесі Эмели Джегги қола медельді қанжығасына байлады.