Жаңалықтар

Ақтөбеде дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды

Ақтөбеде дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды

Ақтөбеде 36 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп жазады Экспресс К.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1986 жылғы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру жолымен жүкті болған. Ол 25 мамыр күні жүктіліктің 36-шы аптасында облыстық перенаталдық орталыққа жатқызылған.

Ал 27 мамыр күні кесарь тілігі жасалып, дүнеге үш ер бала келді. Есімдері – Қасым, Жомарт, Кемел.

Қазір сәбилердің денсаулығы қалыпты.