Жаңалықтар

Ақтөбеде 12 жастағы баланы қаңғыған иттер талап өлтірді: Полиция істі жауып тастады

Ақтөбеде 12 жастағы баланы қаңғыған иттер талап өлтірді: Полиция істі жауып тастады

Биыл маусымда ит талап тастаған 12 жастағы ақтөбелік баланың өліміне ешкім жауап бермейді. Полицейлер тергеуді аяқтап, бұл оқыс оқиға деген қорытындыға келген. Іс жабылды, - деп хабарлайды "КТК" жаңалықтары.

Еске салайық, қайғылы оқиға 9 маусымда Есет батыр тұрғын үй алабында болған. 12 жастағы Мадияр Шәкірат құрылыс алаңында өлі табылған. Иттер баланы талап тастаған.

Полиция бұл істі екі ай бойы тергегенімен, баланың өліміне кінәлілер анықталмаған.

"Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өліміне ит қапқаны себеп болғаны анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылды", - деді Ақтөбе облыстық ДП департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.