Жаңалықтар
25-го октября 2021 г. 10:13
Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған «гүл алқабының» сапасыз екеніне шағымданды. «Отырғызылған» пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған.
Ақтауда 15 миллионнан астам теңгеге, бюджет қаржысына пластикалық қызғалдақтардан жасалған «гүл алқабы» инсталляциясы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Жергілікті тұрғындар алқаптың қолдан жалғанғанына, сондай-ақ, пайдаланылған материалдардың сапасы төмен екеніне шағымданды.