Ақмола және Жамбыл облыстарына жаңа әкімдер тағайындалды
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі және Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, Марат Ахметжанов 2022 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып қызмет атқарды.
Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымдамадан өтуші болып бастады, кейін Теміртау прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді.
1993-1996 жылдары-Бас прокуратура жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының өңірлік тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары- мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің әскери-тергеу департаменті Тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары-ІІМ Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары - тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001 жылы - Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарында заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003 жылдан 2006 жылға дейін - Павлодар облысының прокуроры.
2006 жылдан 2009 жылға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары - бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы.
2012 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014 жылдан 2016 жылға дейін - Атырау облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментінің басшысы.
2016 жылдан 2021 жылға дейін - Қазақстан Бас прокурорының орынбасары.
2021 жылғы 16 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқарды.
Ал, Ербол Қарашөкеев 2021 жылдың күзінде ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған болатын. Ағымдағы жылдың сәуір айында ол осы лауазымға қайта тағайындалды.
Оған дейін Ербол Қарашөкеев 2021 жылдың сәуірінен бастап қаржы вице-министрі болды.