Әлем жаңалықтары

Apple қолданушылардың даусын жазып отырған

Apple қолданушылардың даусын жазып отырған

Apple компаниясы Siri дауыстық көмекшісін пайдаланушылардың жеке әңгімелерін тыңдап, оларды үшінші тараптарға, соның ішінде жарнама берушілерге жібергені үшін, миллиондаған қолданушыға 20 доллардан өтемақы төлеуге келісім жасады, деп хабарлайды KazFace.kz News.day.az сайтына сілтеме жасап.

Компания тыңшылық әрекетін мойындап, Siri қолданушылардың жеке әңгімелерін жазып, оларды үшінші тұлғаларға беріп отырғанын растап отыр.

Ұқсас талап арыз Google компаниясына да қатысты қаралып жатыр. Google де қолданушылардың әңгімелерін тыңдағаны үшін айыпталуда.