Жаңалықтар

Антикор Бейсенбиновтың ұсталғанын растады

Антикор Бейсенбиновтың ұсталғанын растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы жылу желілері" бас директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Жуырда әлеуметтік желілерде Бейсенбинов пара алды деген күдікке ілінгені туралы қауесет тарады. Ол жеткізушіден 16 миллион теңге алғаны туралы айтылған. Бұл ақша Алматыдағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша аяқталған жұмыстардың актісіне қол қоюға және қолдауына арналғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, Қуаныш Бейсенбинов "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің басшысы болып 2018 жылдың сәуірінде қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен тағайындалған болатын.