Антикор басшысының экс-орынбасары Марат Қожабаев аса ірі алаяқтық жасаған
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында қаланың бұрынғы прокуроры және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың соты басталды, деп хабарлайды KazFace.kz.
- Ол алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. 2021 жылы 5 желтоқсан мен 2022 жылы 29 қаңтар аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен аса ірі мөлшерде ақша жымқырды, – делінген айыптау актісінде.
Күдіктілердің арасында Зәкір Ғұламов та бар. Ол алаяқтық жасады, әрі пара беруге итермеледі деп айыпталуда.
Естеріңізге сала кетейік, Мақсат Қожабаевты 9 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұстаған. Бірақ ол кезде қандай құқықбұзушылық екенін ҰҚК жарияламаған болатын.