Спорт әлемі

Алматылық спортшы Олимпиада ойындарына лицензия алды

Алматылық спортшы Олимпиада ойындарына лицензия алды

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Оқ атудан Қазақстан командасының спортшысы Ислам Сатпаев Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды, деп хабарлайды KazFace.kz Olympic.kz және Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бакуде өтіп жатқан оқ атудан 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды. Қазақстан атынан қатысқан Ислам Сатпаев пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату бойынша 206,5 ұпай жинап, жарыстың финалында 4-ші орынды иеленді.

Бұл жетістік оған 2024 жылғы Олимпиадаға қатысуға квота берді. Осылайша Қазақстан алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысу құқығын алды.

Айта кетейік, 24 жастағы Ислам Сатпаев биыл Джакартада өткен Әлем кубогында пневматикалық мылтықтан 10 метрден атудан үш медаль жеңіп алды. Ол сондай-ақ, бір жыл бұрын Бакуде әлем Кубогының қола жүлдегері атанған.