9 мамыр күні Алматыда халықаралық «Ұлы дала жорығы» атты марафон-бәйге басталады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Биылғы дода – Жеңістің 80 жылдығына арналып, батыр бабалар рухына тағзым ретінде ұйымдастырылып отыр. 500 шақырымға созылатын бәйге Алматы облысындағы Бақанас көпірінен басталып, Қонаев қаласындағы «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді. Шараға Қазақстаннан 13, ал шетелден (Ресей, Мажарстан, ОАР, Иран, Қырғызстан және т.б.) 7 команда қатысады.
Бәйге барысында үздік жылқы тұқымы мен шабандоздың төзімі сыналады. Сонымен қатар, этноауылдар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, «Ұлы дала жорығы» тек жарыс қана емес, елдер арасындағы достық пен мәдениеттің алаңына айналмақ.