Алматыда элиталық мектепте бала зорланған ба?
Әлеуметтік желіде Алматыдағы халықаралық мектеп-гимназиясында 1-сынып оқушысы зорланды деген сыбыс қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды KazFace.kz
Бұл жаға ұстарлық жайт туралы зардап шеккен оқушының анасы мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлы сабақтан кейін жыртық шалбармен келген.
Үлкен қызымды шақырып, баланың жамбасын тексердік. Артқы жағы қызарып, жарықшақтар пайда болыпты. Іш киімде ақ дақтар, көп мөлшерде нәжіс болды. Бірден полицияны шақырдым. Киімдерді экспертизаға бердім. Бұл оқиғадан кейін баламның мінез-құлқы өзгерді. Менен бір қадам ажырамай, айналасына қаталдық танытатын болды. Психикасы бұзылды,- деп күйінеді әйел.
Оқиға 13 қыркүйекте болған. Содан бері бала мектепке әлі бармаған. Ата-анасы бұл істің анық-қанығын білу үшін жанталасып жүр. Десе де олар істің жабылып қалуынан қорқады.
Бұл жанжалды тоқтатуға директор барынша тырысып жатыр. Ол ата-аналарға ықпал етуде. Оның байланыстары мықты, ауқатты және ықпалды адам. Егер ол адам ата-аналарға, баспасөзге қысым көрсетіп, фактілерді бұрмалай берсе, біз директордың үстінен арыз жазамыз, - деді зардап шеккен баланың анасы.
Сондай-ақ, ол директордың қоқан-лоқы көрсетуінен кейін, баласының зорланғаны туралы әлеуметтік желіге айтуға тура келгенін де тілге тиек етті.
Ал, мектеп директоры болса, барлығын жоққа шығарады.
Бұл оқиға жөнінде ең алғаш полиция қызметкерлерінен естідік. Оларға мектептегі барлық видеожазбаларды бердік. Тергеу амалдарына барынша көмектесіп жатырмыз. Дәретхана ішінде камера болмады. Сол жер күдік тудырып отыр. Бірақ бала онда 30-40 секундтан 15 минутқа дейін уақыт өткізген. Бір рет 7-сыныптың оқушысымен кездесіп қалды. Дәретханадан шыққан соң, оның бойында қандай да бір өзгерістер байқағанымыз жоқ, - дейді мектеп директоры Ирина Логинова.
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-тармағы бойынша сот медициналық сараптама тағайындалды. Бірқатар тергеу амалдары қолға алынған.
Айта кету керек, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева аталған жайтты жеке бақылауына алды. Ал зәбір көрген оқушымен психологтар жұмыс істеп жатыр.