Алматы және Жетісу: Президент Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.
"Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Қапшағай қаласына мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі беру мәселесін сөз етті.
Президент бұл ретте алдымен халықтың пікірімен санасатынын мәлімдеді.
«Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын», - деді Мемлекет басшысы.