Қоғам

Алматы облысындағы балалар лагерінен тағы да шу шықты

Алматы облысындағы балалар лагерінен тағы да шу шықты

Алматы облысында орналасқан балалар лагеріндегі нашар жағдайға қатысты ата-аналар наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды KazFace.kz 

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет арнайы жұмыс тобын құрып, оқиға орнына барды.

 Алдағы уақытта министрлік өкілдері орталықтың жағдайы балалар қауіпсіздігі үшін жарамды екен тексермек. Бұған дейін Қонаев қаласының білім бөлімі «Бәйтерек» жекеменшік лагеріне мониторинг жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде лагерьдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметке рұқсаты бар екені анықталған. Сондай-ақ, оқиға орнында прокуратура өкілдері де жұмыс істеп жатыр, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ата-аналар балаларының кішкентай, лас және ыңғайсыз бөлмелерде орналасқанына және  бір төсекке бірнеше бала сығылысып ұйықтауға мәжбүр болғанына шағымданды. Сондай-ақ лагерьдің өте ескі ғимаратта болғандығын да атап өтті.